«Астана қаласының аумағында құрылыс қалдықтарын басқару қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 293/37-VIII шешімі

Астана қаласының аумағында құрылыс қалдықтарын басқару қағидаларын бекіту туралы
Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 293/37-VIII шешімі

 

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 319-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Астана қаласының аумағында құрылыс қалдықтарын басқару қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласы мәслихатының төрағасы

Т. Зейнұлқабден

 

Астана қаласы мәслихатының

2025 жылғы 13 мамырдағы

№ 293/37-VIII шешіміне

қосымша

 

 

Астана қаласының аумағында құрылыс қалдықтарын басқару

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Астана қаласының аумағында құрылыс қалдықтарын басқару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 319, 321, 322, 351, 365, 376, 380-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының «Қалдықтар. Құрылыс қалдықтарын басқару бойынша талаптар. Негізгі ережелер» 3792-2022 үлттық стандартына (бұдан әрі - ҚР СТ) сәйкес әзірленді.

2. Халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге бағытталған Астана қаласында құрылыс қалдықтарын басқарудың тиімді жүйесін құру Қағидалардың негізгі мақсаты болып табылады.

3. Қағидалардың міндеттері:

1) құрылыс қалдықтарын жинау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі талаптарды әзірлеу және енгізу;

2) құрылыс қалдықтарын басқару процесінде экологиялық нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.