«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 15 мамырдағы № 92 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20823 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 8-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м. а.
2026 жылғы 15 мамырдағы