«Қауіпті қалдықтардың экспортына және импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары» (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына 8-қосымша) (2026.12.07. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрінің

2020 жылғы 2 маусымдағы

№ 130 бұйрығына

8-қосымша

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026.15.05. № 92 бұйрығымен 8-қосымша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

«Қауіпті қалдықтардың экспортына және импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

қағидалары

(2026.12.07. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы«Қауіпті қалдықтардың экспортына және импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 346-бабының 2-тармағына (бұдан әрі - Кодекс), сондай-ақ қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалын және олардың шығарылуын бақылау туралы Базель Конвенциясына (бұдан әрі - Базель конвенциясы) сәйкес әзірленді және «Қауіпті қалдықтардың экспортына және импортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік субъектілері ретінде тіркелген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпті қалдықтарды экспорттау және импорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, тиісті рұқсат беру құжаттары бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.