Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 166 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
Қазақстан Репсубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 27 наурыздағы
№ 166 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16878 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.