Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 12 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілеп отырған Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. «Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14927 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы нарықтары және өзге салалар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.