«Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 242 бұйрығы (күші жойылды)

«Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 242 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5502 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 3 сәуірде № 49 (1472) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сұрау салуды жолдаған мемлекеттік кірістер органына сұрау салуды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.».

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері және осы шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы мәліметтер нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.