Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығы
(2025.15.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2021.30.04. № 420 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025.30.10. № 648 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 13), 13-1), 13-2) және 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2021.30.04. № 420 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025.30.10. № 648 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер нысаны;
2) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы мәліметтер нысаны;
3) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады