«Қостанай облысының аумағындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 Қаулысы (2023.22.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қостанай облысының аумағындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 Қаулысы

(2023.22.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2020.29.04. № 157 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2017.05.10. № 498 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 48, 53-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қостанай облысы әкімдігінің 2017.05.10. № 498 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Қостанай облысы әкімдігінің 2020.29.04. № 157 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); Қостанай облысы әкімдігінің 2023.06.10. № 430 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - табиғи резерват) шекарасының айналасындағы Қостанай облысының аумағында ені екі километрден кем емес, жалпы ауданы 180 929 гектар, оның ішінде: жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай және жер санаттарын өзгертпей Ұлы-Жыланшық учаскесінде 78 972 гектар, Тосынқұм учаскесінде 74 457 гектар және Сарықопа учаскесінде 27 500 гектар күзет аймағы;

2) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес табиғи резерваты шекарасының периметрі бойынша күзет аймағының шекарасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.