«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 217 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 217 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2023 жылғы 4 сәуірдегі

№ 217 Бұйрыққа

Қосымша

 

 

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың

тізбесі

 

1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:

5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру қызметті беруші www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы не осы Нұсқаулықтың 1 - қосымшасына сәйкес баяндалған «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.»;

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.