Әзірленетін базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдау шеңберінде геологиялық және гидродинамикалық модельдерге тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а 2024 жылғы 16 тамыздағы № 294 бұйрығы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 62-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әзірленетін базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдау шеңберінде геологиялық модельдерге тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік техникалық құжат;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әзірленетін базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдау шеңберінде гидродинамикалық модельдерге тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік техникалық құжат бекітілсін.