(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ САЛЫҚ САЛУҒА ЖАТАТЫН КІРІСТЕРІН ЖАНАМ...

Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 383 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 643-1-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

міндетін атқарушының

2016 жылғы 22 шілдедегі

№ 383 бұйрығымен бекітілді

 


Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.