«Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 78 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 маусымдағы № 280 шешімі

Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 78 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 маусымдағы № 280 шешімі

 

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 78 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8449 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің 1 қосымшасындағы 6 тармақтың 1) тармақшасы 2025 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Алға аудандық мәслихатының төрағасы

М. Тулеуов

 

Алға аудандық мәслихатының

2025 жылғы 5 маусымдағы

№ 280 шешіміне қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.