«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Түркістан облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 77 Қаулысы (2020.02.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Түркістан облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 77 Қаулысы

(2020.02.04. берілген өзгерістермен)

 

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 292 Қаулысымен күші жойылды

 

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020.02.04. № 77 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2 тармағына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке жүктелсін.

 

 

Облыс әкімі

Б. Атамқұлов

 

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020.02.04. № 77 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2016 жылғы 24 наурыздағы

№ 77 қаулысына қосымша

 

 

Түркістан облысының интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер

тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.