«Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығы (2023.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығы

(2023.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.13.12. № 415 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е.Досаев

2015 жылғы 22 маусым

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

В.Школьник

2015 жылғы 3 шілде

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 7-1/498 бұйрығымен бекітілген

 

 

Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілеріне қойылатын ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық) талаптар

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.