Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану
қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану қағидасы бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынсын;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін;
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.