«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 230 бұйрығына және «Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрдің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 227 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20559 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 33-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 33-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады: