Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 230 бұйрығы
(2026.14.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Көлік министрінің 2026.27.08. № 227 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 33-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекітсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020.19.08. № 436 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап осы бұйрық қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 230 бұйрығымен
бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында
локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау
қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер