Топырақты бонитерлеуді жүргізу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 342 бұйрығы
(2025.14.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Топырақты бонитерлеуді жүргізу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 26 қазандағы
№ 342 бұйрығымен
бекітілген
Топырақты бонитерлеуді жүргізу
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Топырақты бонитирлеуді жүргізу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және топыраққа бонитирлеу жүргізу кезінде қолданылады.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.29.02. № 82 бұйрығымен алып тасталды (2024 ж. 18 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жер учаскесi - Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
3) топырақ бонитеті - топырақ өнімділігін интегралды бағалау;
4) топырақты бонитирлеу - топырақтың сапасын және ауыл шаруашылығы алқаптарының табиғи өнімділік қабілетін салыстырмалы бағалау.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.