ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 4, 42-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы ережеде:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мыналарды:
әкімшілік полиция, көші-қон қызметі комитеттерінің төрағаларын және олардың орынбасарларын;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппараты департаменттерінің бастықтарын және олардың орынбасарларын;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттерінің бастықтарын, сондай-ақ олардың орынбасарларын;
Алматы, Қарағанды, Қостанай академияларының, Ақтөбе заң институтының бастықтарын және олардың орынбасарларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу;».
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.