Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141 және 143-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар саласындағы тексеру парағы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес реттелетін нарықтар саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 462 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11768 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған);
2) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы тексеру парақтарының насанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 463 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11782 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;