2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 113 шешімі
(2022.01.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 6 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2022.01.04. № 151 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2022 - 2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 76 753 316,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 52 959 098,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 352 789 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 780 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 22 661 429,5 мың теңге;
2) шығындар – 85 245 358,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 822 773 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 1 099 546 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 276 773 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) – - 9 314 814,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 9 314 814,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi – 3 257 145 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 4 886 773 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10 944 442,6 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес, 1-тармағының 1), 2) тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.