«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 119 бұйрығы

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 119 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларында:

2-тармақтың 9-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9-1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі (бұдан әрі - ЖМБМК ЦЖ) - жүргізу тәртібі осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;»;

13-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) жобаланатын жер учаскесін ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен келіскен кезде:

осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісі (бұдан әрі - Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісі), Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесінің жоспары және жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі қоса беріледі.

Бұрылыс жолақтары, әуе электр беру желілерінің тіреулері, кәбілді электр беру желілерінің жербеті құрылысжайлары бар желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары алып жатқан жобаланатын жер учаскесін ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен келіскен кезде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.