«Қордай ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 қазандағы № 49-2 шешімі

Қордай ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 қазандағы № 49-2 шешімі

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қордай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Қордай ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.

2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қордай аудандық мәслихатының төрағасы

Н. Садыков

 

Қордай аудандық маслихатының

2025 жылғы 13 қазандағы

№ 49-2 шешімімен бекітілген

 

 

Қордай ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

 

1. 2025-2029 жылдарға арналған Қордай ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданды.

3. Жоспарды әзірлеген кезде:

1) осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері;

2) осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері;

3) осы Жоспарға 3-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) туралы мәліметтер;

4) осы Жоспарға 4-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.