Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 1007 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1441 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 47-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мөртабанның нысаны бекітілсін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.