Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 67-НҚ бұйрығы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сулейменова |
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2026 жылғы 30 наурыздағы
№ 67-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Кәмелетке толмағандардың iстері және олардың құқықтарын
қорғау жөнiндегi комиссияны құру және оның қызметiн жүзеге асыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер