«Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 102 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9681 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидаларында:
1 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1 тарау. Жалпы ережелер»;
1 және 2 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидалары (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 7- бабы 28) тармақшысына сәйкес әзірленген спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (бұдан әрі - ұйым) ауысуының тәртібін анықтайды.
2. Ауысудың бірыңғай тәртібін белгілеу ашықтықты қамтамасыз ету және спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, республиканың ұлттық командаларының және жекелеген спортшылардың халықаралық спорттық жарыстарда табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Осы Қағида мынадай ұғымдар қолданылады:
1) дене шынықтыру-спорт ұйымы (бұдан әрі-ұйым) - негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) спорттық қызмет туралы шарт - спортшы, жаттықтырушы немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маман мен дене шынықтыру-спорт ұйымы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;