(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫНА ЕНГІЗІЛ...

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы көрсеткіштердің мәнін есептеу әдістемесінің жобасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 138 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің 59-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы көрсеткіштердің мәнін есептеу әдістемесінің жобасы бекітілсін.

2. «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы көрсеткіштердің мәнін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 441 бұйрығының күші жойылсын.

3. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Н.А. Шәмшиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

 білім және ғылым министрі

 

Е. Сағадиев

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2017 жылғы 31 наурыздағы

№ 138 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің

құжаттарына енгізілген

білім және ғылым саласындағы көрсеткіштердің мәнін

ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖОБАСЫ

 

Мазмұны

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.