(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ 2025-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН Б...

Талдықорған қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-174 шешімі

(2025.28.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 4 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2025.28.01. № 32-185 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 48 834 045 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 12 907 200 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 1 174 399 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 544 808 мың теңге;

трансферттер түсімі 34 207 638 мың теңге;

2) шығындар 59 081 157 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу (-) 167 522 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 108 745 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 276 267 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 10 079 590 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 10 079 590 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 6 450 925 мың теңге;

қарыздарды өтеу 621 434 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 4 250 099 мың теңге.

2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2025 жылға арналған резерві 287 946 мың теңге сомасында бекітілсін.

3. 2025 жылға арналған қала бюджетінде қала бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 221 238 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Еркін ауылдық округіне 184 141 мың теңге;

Өтенай ауылдық округіне 37 097 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.