Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-174 «Талдықорған қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 32-185 шешімі
Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-174 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 48 834 045 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 12 907 200 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 1 174 399 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 544 808 мың теңге;
трансферттер түсімі 34 207 638 мың теңге;
2) шығындар 59 081 157 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу (-) 167 522 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 108 745 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 276 267 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 10 079 590 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 10 079 590 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 6 450 925 мың теңге;
қарыздарды өтеу 621 434 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 4 250 099 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы | Т. Ахажан |
Талдықорған қалалық мәслихатының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 29-174 шешіміне қосымша
Талдықорған қалалық мәслихатының
2025 жылғы 28 қаңтардағы
№ 32-185 шешіміне 1-қосымша
2025 жылға арналған қала бюджеті
| Санаты |
| ||||||||||||||
|
| Сынып | Сомасы | |||||||||||||