Талдықорған қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-174 шешімі
(2025.19.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2025.28.01. № 32-185 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.04.06. № 37-210 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.11. № 45-245 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 56 576 923 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 17 689 248 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 1 272 939 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 4 780 892 мың теңге;
трансферттер түсімі 32 833 844 мың теңге;
2) шығындар 73 066 876 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу (-) 187 478 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 89 425 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 276 903 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 16 302 475 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 16 302 475 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 12 779 219 мың теңге;
қарыздарды өтеу 622 130 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 4 145 386 мың теңге.
2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2025 жылға арналған резерві 287 946 мың теңге сомасында бекітілсін.