Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 08-1-1-1/70 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 2-2-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысаны бекітілсін.
2. Халықаралық құқық департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 08-1-1-1/70 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасы
_____________________________________________________________
(жасалуы ұсынылып отырған халықаралық шарттың атауы)