«Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 357 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 368 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 203-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген сәйкестік туралы декларациямен сәйкестігін растауға рұқсат етілетін өнімдердің тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 357 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 20 сәуірдегі
№ 367 қаулысымен
бекітілген
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің
тізбесі