«Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 31 бұйрығы

 «Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 31 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабының 1-тармағын және 428-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қағидалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.»;

4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.