Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығы
(2025.08.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.02.07. № 243 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.31.03. № 31 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025.21.10. № 110 бұйрығымен (2025 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 428-1-бабының 1-тармағын және 428-2-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.21.02. № 4 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығы есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн қалыптастыру қағидалары бекiтілсiн.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.21.02. № 4 бұйрығымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Мыналар:
Тізбенің 63-жолы 2022 жылғы 22 қазаннан бастап қолданылады;
Тізбенің 110-жолы 2022 жылғы 2 сәуірден бастап қолданылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;