Алматы облысы әкімдігінің
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 425 қаулысымен бекітілген
3-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 35 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.