«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 425 Қаулысы (күші жойылды)

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 425 Қаулысы

 

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 35 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 тіркелген), «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12417 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері:

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.