«Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532 бұйрығы
(2017.13.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.22.01. № 62 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Алтын белгі» белгісі туралы» ереже бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпаратты технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралында және «Әділет» ақпаратты-құқықтық жүйеде ресми жариялауын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.