Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 405-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары»;
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрі».
2. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысында:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;».
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.