(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫ...

Осы редакция 2019 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 17 қыркүйектегі

 № 375 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары
(2019.17.05. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.13.02. № 60 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы білім беру ұйымдары (бұдан әрі - мектептер) қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) бастауыш мектеп - бастауыш білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

2) негізгі орта мектеп - бастауыш және негізгі орта білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

3)жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

4) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.12.03. № 91 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мектептердің негізгі міндеттері:

1) құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.