«Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 56 бұйрығы

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 56 бұйрығы

 

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-1) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамсыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрі

2022 жылғы 22 ақпандағы

№ 56 бұйрығына қосымша

 

 

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарының

номенклатурасы мен көлемі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.