(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ТӨЛЕМІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІН БЕКІТУ ТУ...

Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығы

(2022.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 386-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСЛІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

 

«КЕЛІСЛІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСЛІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сауда және интреграция

Министрлігі

 

«КЕЛІСЛІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрдің м.а.

2021 жылғы 2 қарашадағы

№ 448 бұйрығымен бекітілген

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.