Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негiздемені әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 298 бұйрығы
«Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына және 16-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негiздемені әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 298 бұйрығымен бекітілген
Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына және 16-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу тәртібін айқындайды.