«Қоршаған ортаның қауіпсіздігіне (топыраққа) қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 452 бұйрығы (күші жойылды)

Қоршаған ортаның қауіпсіздігіне (топыраққа) қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 452 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № ҚР ДСМ-32 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаның қауіпсіздігіне (топыраққа) қойылатын гигиеналық нормативтер бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

 

Е. Досаев

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 25 маусымдағы

№ 452 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қоршаған ортаның қауіпсіздігіне(топыраққа) қойылатын

 гигиеналық нормативтер

 

Топырақтағы химиялық заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы

(бұдан әрі - РШШ)

 

р/с

заттардың атауы

аяны (кларкты) ескере отырып топырақтың РШШ шамасы мк/кг

лимиттеуші көрсеткіш

1

2

3

4

жылжымалы нысаны

1

кобальт*(1)

5,0

жалпы санитариялық

2

фтор*(2)

2,8

транслокациялық

3

хром*(3)

6,0

жалпы санитариялық

суда еритін нысаны

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.