ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1-бабының 1) тармақшасынасәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 594-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығына қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.