Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 бұйрығы
(2021.19.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасына (И.В. Лепеха) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.