Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығы
(2013.25.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013.25.09. № 227 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес өткізілетін іс-шараларды реттеу және деңгейін арттыру мақсатында бұйырамын:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013.25.09. № 227 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | М. Құл-Мұхаммед |
Мәдениет министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 56 бұйрығымен бекітілген
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013.25.09. № 227 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің
үлгілік қағидасы
1. Жалпы ережелер
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013.25.09. № 227 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)