(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНЕ АГРОХИМИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨР...

Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 4-6/181 бұйрығы

 

Осы редакция 2019 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 70-бабы 2-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 13-1-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекiтiлсiн.

2. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіпен:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мамытбеков

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы «___»________

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 2 наурыздағы

№ 4-6/181 бұйрығымен

бекiтiлген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.