Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) енгізу немесе алып тастау туралы шешімдер қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 384-НҚ бұйрығы
(2025.06.04. берілген өзгерістермен)
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) енгізу немесе алып тастау туралы шешімдер қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.