Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 Қаулысы
(2015.24.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2014.29.11. № 1263 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 929 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2014.29.11. № 1263 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.