Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік кешіру кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 44/НҚ бұйрығы
(2026.31.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.29.09. № 357/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.08.07. № 395/НҚ бұйрығымен (2026 ж. 31 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.08.07. № 395/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 31 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.29.09. № 357/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.08.07. № 395/НҚ бұйрығымен (2026 ж. 31 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік кешіру кезеңділігі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;